Университеттің тәрбие жұмысы саласындағы саясатын және сапа мақсаттарын іске асыру — Қазақстан Республикасының мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатыса алатын жоғары білікті мамандарды қалыптастыру.
Негізгі міндеттер
Студенттердің рухани, шығармашылық және физикалық қабілеттерін үйлесімді дамыту үшін жағдай жасау
Студенттермен жұмыстың дәрістік, әңгіме және басқа да түрлерін, сондай-ақ мәдени-көпшілік, спорттық және өзге де тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру
Студенттерді студенттік өзін-өзі басқару жүйесіне біртіндеп тарту
Студенттердің әлеуметтік қорғауына бағытталған шаралар кешенін айқындау
Тұрақты адамгершілік құндылықтарды және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Қазақ халқының және Қазақстанның көпұлтты халықтарының тарихы, этномәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу арқылы интеллектуалдық және мәдени деңгейді байыту
Тәрбие қызметі мен жастар саясатында сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Функционалдық міндеттері
Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін жеке жауапкершілік
Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету
Студенттік жатақханалардағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру және бақылау
Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Университеттің барлық жоспарлы және жоспардан тыс іс-шараларына міндетті қатысу
Студенттердің қалалық, облыстық және республикалық іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру
Студенттердің шығармашылық бірлестіктерінің қызметін бақылау