Құжаттарды тіркеу мен есепке алу, орындалуын бақылау, құжаттармен жұмысты жетілдіру және техникалық құралдарды енгізу, азаматтардың өтініштерін қарау, университеттің ведомстволық мұрағатын жүргізу және сапа менеджменті жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету.
Функционалдық міндеттері
Құжаттардың орындалу мерзімдерін және дұрыс рәсімделуін бақылау
Ағымдағы іс жүргізу құжаттарын (бұйрықтар, өкімдер) тіркеу, есепке алу, сақтау және тиісті бөлімшелерге беру
Істердің дұрыс қалыптастырылуын, сақталуын және архивке уақтылы тапсырылуын бақылау
Қызметтік құжаттарды басып шығару және көбейтуді қамтамасыз ету
Басшылық шақыратын кеңестерді дайындауға қатысу, техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, іссапар құжаттарын рәсімдеу
Құжаттарға қол жеткізу режимін және ондағы ақпаратты пайдалануды қамтамасыз ету
Мемлекеттік, коммерциялық және қызметтік құпияны қорғау бойынша жұмыстарды жүргізу