«Заң мен тәртіп – ортақ міндет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі
2026 жылғы 21 - қыркүйек күні Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде Жезқазған қаласының жастары арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп – ортақ міндет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында алаяқтық, нашақорлық, лудомания, адам саудасы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттерге құқық бұзушылықтың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Кездесуге Жезқазған Жастар ресурстық орталығының директоры Төлеубай Дарын Ермекбайұлы, Жасатар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Жантілеов Ақжол Қозыұлы, Студенттік Құрылтай төрағасы - Ошанова Толғанай қатысты.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпараттар мен түсіндірмелер алды. Іс-шара соңында жастарды заң талаптарын сақтауға, құқық бұзушылыққа жол бермеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырылды.
Фотогалерея3
Үлкейту үшін суретті басыңыз