Университет15 қазан 2026Администратор
Ынтымақтастық туралы меморандумға және дуальды оқыту туралы шартқа қол қойылды
О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Президент-ректоры Такишов Абдилмалик Арғынұлы және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Бекжанов Нұрқожа Ермекұлы ынтымақтастық туралы меморандумға және дуальды оқыту туралы шартқа қол қойды.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты –6В04101 – «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың практикаға бағдарланған даярлығын қамтамасыз ету бағытындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ түлектердің тиімді жұмыспен қамтылуына ықпал ету, студенттердің кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, білім беру мазмұнын жұмыс берушілер мен еңбек нарығының талаптарына жақындату.
Бұл ынтымақтастық білім алушылардың теориялық білімдерін практикалық қызметпен ұштастыруға, нақты өндірістік және кәсіби ортада тәжірибе жинақтауына, сондай-ақ еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.
2026 жылғы 30 қыркүйекте «Қазақстан тарихы, экономика және құқық» кафедрасында «О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті – бизнес-білім берудің өңірлік алаңы: даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Ұлытау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Алпысбай Аңсархан Дәуренұлы, Ұлытау облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Ш.И. Қасымова, сертификатталған бизнес-тренер, басқару, ұйымдық даму және зияткерлік капиталды қалыптастыру жөніндегі кеңесші О.А. Сәдуақасова қатысты.
Іс-шараны ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор Д.Ж. Сәрсембаев, кафедра меңгерушісі Г.Р. Темірбаева және аға оқытушы Ш. Талап ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес басшылары мен мамандарына арналған қысқамерзімді бағдарламаларды әзірлеу, студенттік жобаларға тәлімгерлік ету және оларды инкубациялау, жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары мен сарапшыларын, сондай-ақ кәсіпкерлер мен компания басшыларын тарту мәселелері талқыланды.
Фотогалерея5
Үлкейту үшін суретті басыңыз