Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дөңгелек үстел
Дөңгелек үстелде студенттер достық, ынтымақтастық және ұлтаралық татулық туралы пікір алмасты.

ЭЭ және ЕҚ кафедра студенттері Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелге белсенді түрде қатысты. Іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында достықты, ынтымақтастықты және ұлтаралық татулықты насихаттау, Қазақстанда өмір сүретін түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет қалыптастыру болды.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлі, еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясаты, көпұлтты мемлекеттегі бірлік пен тұрақтылықтың маңызы туралы ақпараттар айтылды. Студенттер Қазақстандағы этносаралық келісімнің ерекшеліктері мен ел бірлігінің қоғам дамуына әсері жөнінде пікір алмасты. Студенттер баяндамалар жасап, бірлік пен татулық тақырыбындағы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар әртүрлі халықтардың мәдениеті, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлері туралы презентациялар ұсынылды. Қатысушылар өзара сұрақ-жауап алмасып, жастар арасындағы достық пен сыйластықты нығайту мәселелерін талқылады.
Дөңгелек үстел студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан халқының бірлігі – ел дамуы мен тұрақтылығының басты негізі екендігін атап өтіп, бейбітшілік пен келісімді сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.
Фотогалерея2
Үлкейту үшін суретті басыңыз