Үлкенді құрметтеу – ұлттық дәстүр
Ұлытау обылысы ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысының шешімі бойынша Орталық кеңесінің 7-басым бағыт бағдарламасы негізінде қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен 18.08.2026жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Үлкенді құрматтеу – ұлттық дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Үлкенді құрматтеу – ұлттық дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасында ұлағатты ардагер ұстаздар, ел ағалары мен мектеп оқытушылары және де Мирас тобы мен универстетіміздің белсенді студенттері қатысты. Бұл іс-шараға Аналар кеңесімен бірлесе отырып ардагер ұстаздарымыз шақыртылды . Атап айтатын болсақ, Ұлтай Ахметқызы, Шамсия Сандықбайқызы, Бұлыш Құдайбергенқызы, Рахыш Нәшкенқызы, Сәрсенкүл Қабылқызы, Ұмсынай Жанатайқызы қадірді қонақ болып қатысты.
Фотогалерея4
Үлкейту үшін суретті басыңыз