Жаңалық1 қазан 2026Администратор
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этносаралық келісімді нығайту» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы
Университет студенттерімен профилактикалық кездесу өтті. Ө. А. Байқоңыров университетінің студенттерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этносаралық келісімді нығайту тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараға Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілі Мұхтар Бекзат Ғалымбекұлы мен қалалық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Каринова қатысты. Спикерлер студенттерге жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылық пен қоғамдағы көпұлтты татулықтың маңызын кеңінен түсіндірді. Еркін форматта өткен басқосуда жастар маңызды сұрақтарына жауап тапты.
Фотогалерея3
Үлкейту үшін суретті басыңыз