Іс-шара24 маусым 2026Администрация
Алтайбаева Аяулым Нұрболдиевна PhD дәрежесін сәтті қорғады
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің аға оқытушысы философия докторы (PhD) дәрежесін сәтті қорғады.

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің аға оқытушысы Алтайбаева Аяулым Нұрболдиевна философия докторы (PhD) дәрежесін сәтті қорғады. Ғылыми ізденіс жолындағы бұл маңызды жетістік – табандылықтың, жүйелі еңбектің және терең білімнің нәтижесі. Зерттеу жұмысы түркі дүниетанымының жастардың құндылықтары мен саяси мәдениетінің қалыптасуындағы рөлін ашуға бағытталды. ✨ Бұл – тек жеке жетістік емес, сонымен қатар отандық ғылымның дамуына қосылған елеулі үлес. Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа ғылыми ашылымдар, биік белестер және толайым табыс серігіңіз болсын!
Фотогалерея9
Үлкейту үшін суретті басыңыз