Наурыз шуағы
Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай студенттер «Наурыз шуағы» іс-шарасын ұйымдастырып, ұлттық дәстүрлерді сахналады.

Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз шуағы» атты іс-шарасы ЭЭжЕҚ кафедрасында студенттердің бастауымен Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай ұйымдастырылды. Мерекенің негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен насихаттау екендігі атап өтілді. Наурыз мейрамының қазақ халқы үшін ерекше маңызға ие екендігі, бұл күннің табиғаттың жаңаруымен, жаңа жылдың басталуымен, ізгілік пен татулықтың символы екендігі атап өтілді.
Іс-шара барысында кафедра студенттері қазақ халқының ежелден келе жатқан маңызды дәстүрлерінің бірі – сырға салу салтын сахналық көрініс арқылы жоғары деңгейде көрсетті. Көріністе келінді қарсы алу, шашу шашу, беташар рәсімі, үлкендерден бата беру сияқты дәстүрлі элементтер толық қамтылды.
Сырға салу дәстүрі ерекше әсер қалдырып, көрермендерге келіннің жаңа отбасына сіңісу жолындағы тәрбиелік маңызы терең түсіндірілді. Сонымен бірге, салт-дәстүр арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, отбасы құндылықтарын сақтау идеялары кеңінен насихатталды. Студенттердің келін түсіру салтын жоғары деңгейде, мазмұнды әрі әсерлі жеткізгенін атап өтті. Бұл қойылым арқылы ұлттық құндылықтарды жастар арасында насихаттаудың маңыздылығы зор екендігі айтылды. Мұндай іс-шаралар ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға үлкен ықпал ететінін ерекше атап өтті.
Фотогалерея3
Үлкейту үшін суретті басыңыз