Ұлттық киім күні
Студенттер мен оқытушылар ұлттық киім киіп, қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлерін дәріптеді.

Ұлттық киім күні Наурыз мерекесіне орай ЭЭжЕҚ кафедрамызда аталып өтті. Студенттер мен оқытушылар ұлттық киімдерде келіп, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін дәріптеді. Шара барысында ұлттық киімдердің тарихы таныстырылып, Наурыздың көктемгі жаңару мен бірлік символы ретіндегі мәні туралы әңгімелер жүргізілді, сондай-ақ көрнекі презентациялар мен қызықты көріністер көрсетілді.
Ұлттық киім күні — әрбір халықтың мәдени мұрасын, дәстүрін және ұлттық ерекшелігін дәріптейтін мереке. Мақсаты халықтың ұлттық киімдеріне қызығушылықты арттыру, жастарға өз мәдениетін, тарихын таныстыру, ұлттық дәстүрлерді сақтау және насихаттау болып табылады. Шығармашылық және сәндік көрсетілімдер арқылы ұлттық рухты көтереді.
Ұлттық киім күні — бұл тек киім туралы мереке емес, ол халықтың тарихы мен дәстүрін, мәдениетін, ұлттық бірегейлігін дәріптейтін ерекше күн. Бұл күнде әрбір адам өз ұлттық киімін киіп, өз мәдени мұрасын көрсетуге мүмкіндік алады.
Фотогалерея7
Үлкейту үшін суретті басыңыз