Электроэнергетика және еңбекті қорғау кафедрасында зертханалық олимпиада өтті
6В07104 және 6В07101 білім беру бағдарламаларының I-III курс студенттері бес зертханалық стендте теориялық білімі мен практикалық дағдыларын көрсетті.

2026 жылғы 10 сәуірде Электроэнергетика және еңбекті қорғау кафедрасында білім алушылардың теориялық білімдерін тереңдету, тәжірибелік дағдыларын жетілдіру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында зертханалық стендтер негізінде пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға 6В07104 «Электроэнергетика» және 6В07101 «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларының I, II және III курс студенттері қатысты. Олар заманауи зертханалық жабдықтармен жұмыс істеп, электр тізбектерін құрастырды, өлшеулер жүргізді, қауіпсіздік талаптарын сақтады және өндірістік жағдайларға жақын тапсырмаларды орындады.
Практикалық жұмыс бес бағыт бойынша өтті: «Электр техникалық теориялық негіздері және электроника», «Электрлік техникалық материалдар», «Метрология және электрлік өлшемдер», «Электрлік машиналар және электр жетегі», «Релелік-контактылы құрылғы».
Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар теориялық сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде зертханалық стендтерде электр құрылғыларының жұмыс принциптерін түсіну, ақауларды анықтау және оларды жою бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар студенттердің кәсіби дағдыларын және қауіпсіз жұмыс істеу мәдениетін дамытуға бағытталды.
Үздік нәтиже көрсеткен студенттер: Сатекбаев Р. (ЭЭ-24-1), Сағат Ә. (ЭЭ-24-1), Әмірқұлов А. (ЭЭ-24-1), Бақыт Д. (ЭЭ-24-1), Найзабай А. (ЭЭ-23-1), Көшербай Ш. (АиУ-24-1), Минакин А. (ЭЭ-23-1), Кудаспаев Р. (ЭЭ-25-1), Балғабай Ә. (ЭЭ-25-1) және Найманбаев Н. (ЭЭ-24-1). Олардың білім деңгейі мен практикалық дайындығының жоғары екендігі атап өтілді.
Іс-шара студенттердің бейіндік пәндерге қызығушылығын арттырып, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал етті.
Фотогалерея11
Үлкейту үшін суретті басыңыз