ҰБТ-2026-ға өтінім беру: 11-ден 25 сәуірге дейін
Негізгі ҰБТ-ға өтінімдерді қабылдау — 2026 жылдың 11-25 сәуірі аралығында app.testcenter.kz сайтында және UTO.kz қосымшасы арқылы.
2026 жылғы талапкерлер!
Негізгі ҰБТ-ға өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 11-25 сәуірі аралығында www.app.testcenter.kz сайтында және UTO.kz қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
❗️ МАҢЫЗДЫ (осы күндерді есте сақтаңыз):
11-16 сәуір аралығында — өтінімді тек бір рет беруге болады;
17-25 сәуір аралығында — өтінімді бір немесе екі рет беруге болады.
⏳ ҰБТ өткізу мерзімі: 2026 жылдың 10 мамырынан 10 шілдесіне дейін.
Өтінім берген кезде сіз ҰБТ өткізілетін КҮНДІ, УАҚЫТТЫ және ПУНКТТІ ұсынылғандардың ішінен өзіңіз таңдайсыз.
АҒЫМДАҒЫ жылдың (2026) мектеп түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін қатысу құны — 5 640 теңге.