ЭЭжЕҚ кафедрасы Жезқазған қ. колледж студенттері арасында «Электр техниканың теориялық негіздері» пәні бойынша олимпиада өткізді.
10.02.2026 ж. күні «Электр энергетикасы және еңбек қорғау» кафедрасы Жезқазған қаласы колледждері Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі, КМҚК «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» және Жезқазған университеті студенттерінің арасында «Электр техниканың теориялық негіздері» пәнінен пәндік олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға колледждердің «Электрмен жабдықтау» мамандығының 2 студенті және Жезқазған университетінен «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша студенттер қатысты. Олимпиада барысында студенттер «Электр техниканың теориялық негіздері» пәнінен есептер шығарды.
Жұмыстарды тексере келе, олимпиада комиссиясы келесі орындарды тағайындады:
I орын –ЖезУ студенттерінің командасы
II орын – ЖЖПТК студенттерінің командасы
III орын–ЖИГК студенттерінің командасы иеленді.
Жүлделі орын алған студенттер «Электр техниканың теориялық негіздері» пәнінен өткізілген олимпиаданың Мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Фотогалерея4
Үлкейту үшін суретті басыңыз