Отан қорғаушылар күніне арналған кураторлық сағат
ЭЭжЕҚ кафедрасында Отан қорғаушылар күніне арналған кураторлық сағат өтіп, студенттер азаматтық борыш пен патриоттық құндылықтарды талқылады.

ЭЭжЕҚ кафедрасының студенттерімен Отан қорғаушылар күніне арналған кураторлық сағат өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастар арасында патриоттық тәрбиені қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру болды.
Кураторлық сағат барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қалыптасу тарихы, Отан қорғаушылар күнінің маңызы және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әскери қызметкерлердің еңбегі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар Отан алдындағы азаматтық борыш, патриотизм, ерлік пен батылдық қасиеттері жөнінде тәрбиелік әңгіме жүргізілді.
Белсенді студенттер еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын қорғаудағы әскери мамандықтың рөлі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ студенттер арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, тарихи деректер мен әскери тақырыптарға қатысты пікірталас өткізілді.
Кураторлық сағат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің қызығушылығын арттырды. Іс-шара соңында студенттер Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы екенін атап өтіп, елге қызмет ету мен патриоттық құндылықтарды құрметтеу қажеттігін жеткізді.
Фотогалерея2
Үлкейту үшін суретті басыңыз