Темірбаева Гүлнара Рапықовна
э.ғ.д., профессор
Кафедра «Экономика» бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды және басқа бағыттардың студенттеріне жалпы білім беретін пәндерді оқытады. Қызметіне зерттеулер, практика және жұмыс берушілермен ынтымақтастық кіреді.

э.ғ.д., профессор
Құжаттың жылы мен нұсқасы оның карточкасында көрсетілген. Мұрағаттық нұсқалар тиісті оқу кезеңіне арналған.
Модульдік білім беру бағдарламасы
Құжаттар әзірге жүктелмеген.
Элективті пәндер каталогы
Құжаттар әзірге жүктелмеген.
Архивтік мәліметтер бастапқы материалдар дайындалған кездегі жағдайды көрсетеді.
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» КАФЕДРАСЫ
Кафедра 6В04101 – «ЭКОНОМИКА» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды шығаратын кафедра болып табылады, сонымен қатар, университеттегі барлық білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беретін пәндер циклін оқытады, олар Қазақстан тарихы, Философия, Саясаттану, Мәдениеттану, Әлеуметтану.
6В04101 «ЭКОНОМИКА»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
- оқытуды жоғары білікті құрам жүргізеді - экономика ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, магистрлер, сондай-ақ шетелдік оқытушылар мен кәсіпорындардың экономикалық қызметтерінің басшылары;
- оқу процесінде студенттер компьютерлік технологияларды меңгереді, Excel-де жұмыс істеудің кәсіби деңгейдегі дағдыларын, сондай-ақ экономикалық-талдау жұмысына қажетті жасанды интеллектті пайдалануды меңгереді;
- студенттер өндірістік практика базаларымен толық қамтамасыз етілген;
- академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қазақстанның және шетелдің ірі жоғары оқу орындарында білім алады;
- жұмысқа орналасудың жоғары пайызы және еңбек нарығында экономистерге деген жоғары сұраныс.
ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ
- экономиканың барлық салаларында, соның ішінде мемлекеттік органдарда, министрліктер мен ведомстволарда, ұлттық компанияларда;
- кәсіпорындарда экономист, қаржыгер, талдаушы, персоналды басқару қызметінде, еңбек және еңбекақы бөлімдерінде, маркетолог болып;
- басқа салалардағы кәсіпорындарда;
- сауда және қызмет көрсету саласында;
- аудиторлық компанияларда, қаржылық және консалтингтік құрылымдарда, банктерде, мемлекеттік кірістер басқармасында және т.б.
КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Темірбаева Гүлнар Рапыққызы, экономика ғылымдарының докторы, профессор;
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері;
жүзден астам ғылыми еңбектердің, жарияланымдар мен монографиялардың авторы;
temirbaevagr@bk.ru
КАФЕДРАНЫҢ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
КАФЕДРА ТАРИХЫ
Кафедра 1996 жылы дәл осы кезеңде жаңадан құрылған О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің құрамында құрылды. Кафедраның алғашқы атауы - «Экономика және менеджмент».
Кафедра жұмыс істегелі 20-дан астам оқытушы диссертацияларын сәтті қорғап экономика ғылымдарының докторы мен кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
Кафедраның 30 жылдық тарихында өнеркәсіптік өңір үшін экономикалық-басқарушы кадрларды даярлауда ғылыми-әдістемелік дәстүрлер қаланды.
Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің талаптарына және экономика ғылымы мен практикасының заманауи жай-күйіне жауап беретін «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлануда.
Кафедра екі мыңнан астам экономист-түлектерді дайындап шығарды. Олардың көбі орталық және жергілікті атқарушы биліктің мемлекеттік органдарында жауапты лауазымдарды атқарады, өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық-қаржылық қызметтерін басқарады, банктердің директорлары мен жетекші қызметкерлері, ұлттық компаниялардың менеджерлері болып табылады. Біздің түлектеріміз шетелде табысты жұмыс істеуде, өз бизнесін ашып, жүргізуде, ғылыми-оқытушылық қызметте биіктерге жетті, кандидаттық және магистрлік диссертацияларын қорғады, сондай-ақ шетелде білім алуын жалғастырды.
ДАЙЫЛДАУ БАҒЫТЫ | 6В041- «Бизнес және басқару»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ | 6В04101 «ЭКОНОМИКА»
МАҚСАТЫ | Компанияның қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық тұрғыдан сүйемелдеуге, тауарлар өндіру немесе қызмет көрсету тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалана отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті экономика бакалаврын даярлау.
ДАЙЫНДАУ
НЫСАНДАРЫ | - Жалпы орта білім беру базасында
- ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім) базасында
- Жоғары білім базасында
КВАЛИФИКАЦИЯ | Экономика Бакалавры
БАҒДАРЛАМА
СТАТУСЫ | мемлекеттік лицензиясы бар;
тәуелсіз халықаралық аккредиттеуден өткен;
өңірдегі ірі жұмыс берушілермен мақұлданған;
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген.
Оқытушының Т.А.Ә. | Ғылыми дәрежесі / академиялық дәрежесі | Ғылыми атағы | Атқаратын лауазымы | Электрондық поштасы
Темирбаева Г.Р. | экономика ғылымдарының докторы | профессор | профессор | temirbaevagr@bk.ru
Абильдина А.Ш. | экономика ғылымдарының кандидаты | | доцент | aalimbaeva@mail.ru
Даукенова Г.А. | экономика ғылымдарының кандидаты | доцент | доцент | gau72d@mail.ru
Кундакова Л.Р. | экономика ғылымдарының кандидаты | | доцент | kundakova@mail.ru
Биримжанов К.С. | экономика ғылымдарының кандидаты | доцент | доцент | ekonom97@bk.ru
Алланиязов Т.К. | тарих
ғылымдарының кандидаты | доцент | доцент | klio56@mail.ru
Усенова А.А. | | | аға оқытушы | zhadiiik@mail.ru
Талап Ш . | магистр | | аға оқытушы | sholpik1986@mail.ru
Алтайбаева А.Н. | магистр | | аға оқытушы | ayaulym-91@mail.ru
Құжаттар әзірге жүктелмеген.